Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астананың 8 мектебінде оқушылар үш ауысыммен білім алуда

Астананың 8 мектебінде оқушылар үш ауысыммен білім алуда
Видеодан кадр
1200 балаға шақталып салынған мектепте қазіргі кезде 5600 бала оқуда

Астананың сегіз мектебінде оқушылар үш ауысыммен оқуға мәжбүр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.

Астана қаласынының сол жағалаудың жаңа аудандарында мектеп  детіспеу салдарынан қазір бір сыныпта 40 баладан оқуда. Ата-аналар балаларын беретін басқа мектептің жоқтығын айтуда. Бұл мектеп 1200 балаға шақталған. Бірақ бұл аудандардағы мектептің жетіспеуіне байланысты 5600 оқушы, үш ауысыммен оқуда. Бір сыныпта 40 оқушы. 

"Бұл білімнің сапасы ғой. 1200 оқитын мектепте 5600 бала алу деген бір сыныпта 36 бала отырады, бұл қандай білім? 3ші класқа дейін әріп білмейді, біз 30 жыл бұрын мектеп бітіргенбіз, ол кезде ондай болмайтын",- қала тұрғыны. 

Мектептің мүмкіншілігі мүлде ескермеген дейді ата-аналар. Қазір даладан бөлек мектептен келуін уайымдайтынын айтқан. 

"Заң бойынша осы тұрғылықты халықты біз қабылдауға міндеттіміз. Ешқандай шектеу қоя алмаймыз. 2024 жылы осы Астана қаласында 24 мектеп салынуда. Жанымызда НұраЕсіл ауданында 11 меткеп салынады. Сондықтан біздің балаларды сол жаңа мектепке көшеді",- дейді № 71 мектеп директоры Майя Мұқашева. 

Астана қаласының өзінде мұндай үш ауысыммен оқитын 8 мектеп бар. 

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар