Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мені жайыма қалдырыңдар: Хромтау қаласында әйел адам бесінші қабаттан секірмекші болды

Мені жайыма қалдырыңдар: Хромтау қаласында әйел адам бесінші қабаттан секірмекші болды
polisia.kz телеграм каналынан
Қазіргі таңда істің мән-жайын анықталып жатыр

Ақтөбе облысы Хромтау қаласында тұрғын үйлердің бірінің бесінші қабатынан секірмек болған әйел құтқарылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Өңірлік ПД баспасөз қызметі 6 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында 102 арнасына белгісіз әйелдің бесінші қабаттағы терезеден секіргелі жатқаны туралы хабар түскенін хабарлайды.

"Оқиға орнына шұғыл жеткен кезекшіліктегі учаскелік полиция инспекторлары ұзақ ойланбастан шатырға көтеріліп, әйелмен әңгімелесіп, оны сабырға шақырған. Ал әйел жылап, өзін жайына қалдыруды сұраған. Осы сәтте полиция капитаны Райымбек Оңғарбаев өз өмірін қатерге тігіп, шатырдан балконға секіріп, әйелді құтқарып қалды", делінген полиция хабарламасында.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар