Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бурабайдағы Rixos қызметкерлері жаппай астан уланды

Бурабайдағы Rixos қызметкерлері жаппай астан уланды
Ашық дереккөзі
Санитарлық дәрігерлер 17 қызметкердің бактериялық ішек инфекциясын жұқтырған дейді.

Бурабайдағы Rixos қонақ үйінде қызметкерлер жаппай астан уланды деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап. 

Барлығы бірге тамақтанған қызметкерлер астан уланған. Дәрігерлер бактериялық ішек инфекциясы деген диагноз қойды. Жұмысшылардың неден уланған әлі нақты емес. Тиісті орындар қазір анықтау үстінде. 

"Мен сол күні ауыра бастадым. Автобуста басым айналып, құсқым келіп, автобустан түсіп кеттім. Үйге барғанда құсып, қызуым көтерілді. Қасыма леген қойып, лоқсып құсып, қызуым көтерілді",-  деді аспаздың көмекшісі

Санитарлық дәрігерлер 17 қызметкердің бактериялық ішек инфекциясын жұқтырған дейді. Қазір 8 адам үйіне жіберілген. 

"Тоғыз науқастың да ауру белгілері бірдей. Іш өту, құсу, дене қызуы көтерілу. «Оливье» салатын жегендерін айтады. Бәрі қонақ үй қызметшілері. Қазір жағдайлары орташа ауыр. Бактерияға қарсы емдеп жатырмыз",-дейді жұқпалы аурулар орталығының басшысы.

"Қазір різ ресми жауап күтіп отырмыз. Біз қызметкерлерімізге қамқорлықпен қараймыз, қандай көмек қажет болса да, қолдаймыз. Олардың және қонақтардың қауіпсіздігі барынша қарастырылған. Сараптама дайын болғанда хабарлайтын боламыз",- деп айтты Rixos Бурабай қонақүйінің бас менеджері.

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар