Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде күнделікті қолданыстағы азық-түлік бағасы 6,5% өсті

Елімізде күнделікті қолданыстағы азық-түлік бағасы 6,5% өсті
hyser.com.ua
Ұлттық статистика бюросы: баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Елімізде күнделікті қолданыстағы азық-түлік бағасы 6,5% қымбаттады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Халық тұрмысына қажетті заттардың бір жылда қымбаттау шамасы көрсетілді. 2023 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:

Рожки – 316 тг/кг;

Қарақұмық – 331 тг/кг;

Күнбағыс майы – 770 тг/л.

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады”, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар