Назгүл мен Құндызға қой баққызған ағасы қамқоршылықтан бастартып, мемлекет қарамағына өткізетінін айтты
- автор Akarman K
- 9 қыркүйек, 2023
- 7.7k
17 жыл бойы қой баққан Назгүл мен Құндызды қамқоршы болып тағайындалған ағасы Үкіметке өткізетінін айтты, дер хабарлайды KYN.KZ тілшісі Koremiz бағдарламасына сілтеме жасап.
Денсаулығы сыр берген қос қыздың ақыл-есі төмен дейді дәрігерлер. Қой тұрмақ бір-бірін бақылай алмайтын қыздарды, қай сонша уақыт қой бақтырғына таң қалды.
Қос қызға көмек ретінде қыстық жылы киімдерді қамқорлық көрсететін ұйымдар берді.
Ай сайын мемлекеттен ағасы мен жеңгесі екі қызға 226 мың тенге алып отырған.
Өз қамқорлығына алған ағасы мен жеңгесі қыздардың атындағы үйді 900 мың тенгеге сатып жіберген. Қазіргі таңда жеңгесі мен ағасы қыздарға қарай алмайтынын айтып, мемлекет қарамағына өтуіне келісуде.
Мектеп кезден тұйық болған қыздардың бірінің арманы аспаз болу екен. Қой баққысы келмейтінін, ауылға барғысы келмейтінін айтты олар.
Алдағы уақытта қыздардың мемлекет қарамағына өткізіп, қамқоршылықтан алып тастау жұмыстары жүргізіледі. Ауыл әкімі бұл жұмыста белсенді болып, аяқтауға кірісуге келісте.