Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев футболшылар мен жастарды мақтан тұтатынын айтты (фото)
- автор Akarman K
- 11 қыркүйек, 2023
- 3.5k
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев футболшылар мен жастарды мақтан тұтатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Ойыннан кейін Тоқаев инстаграм парақшасына өз әсерімен бөлісті.
"Біздің ұлттық құраманың Солтүстік Ирландияның мықты командасымен алаңдағы кездесуін қызыға тамашаладым. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазақ футболшылары қарсылас командаға төтеп беріп, 1:0 есебімен лайықты жеңіске қол жеткізді. Қазақстан ұлттық құрамасы және олардың мыңдаған жанкүйері үшін қуаныштымын. Әсіресе "Астана жастары" мен басқа да ұйымдар еріктілерінің, сондай-ақ жекелеген азаматтардың, белсенділердің үлгі аларлық ісін айрықша атап өткім келеді. Олар ойыннан соң стадионда қалып, трибунадағы қоқысты жинап шықты.
Футболшыларымызды және жастарымызды мақтан тұтамын",- деді Қасым Жомарт Тоқаев.
10 қыркүйектегі футбол жарысынан есеп 1:0 болып Қазақстан спортшылары жеңіске жетті.
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




