Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Стамғазиев: халықтың дәстүріне тіл тигізіп, домбыраны қорлаған мынадай адамдарды заң алдында қатаң жазалау керек(фото)

Стамғазиев: халықтың дәстүріне тіл тигізіп, домбыраны қорлаған мынадай адамдарды заң алдында қатаң жазалау керек(фото)
Инстаграм парақшасынан алынды
Домбыра мен исламды бір-біріне қарсы қою дұрыс еместігін айтты.

Рамазан Стамғазиев халықтың  дәстүріне тіл тигізіп, домбыраны қорлаған мынадай адамдарды заң алдында қатаң жазалау керектігін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

ҚР еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев бұл жайлы өзінің инстаграм парақшасында жазған. 

"Кейінгі кезде қисық уағыздарды естіп, жағаңды ұстайсың. Қазақ қазақ болғалы домбырамен жасасып келеді емес пе? Халықтық ән-жырлар айтылып, салт-санамызды тәрбиелеп, жеткізіп келе жатқан жоқпыз ба? Жалпы қазақты домбырасыз қалай елестетуге болады, мүмкін емес?! Ендеше мына кісінікі не сандырақ? Ел ішіне іріткі салып, халықтың дәстүріне тіл тигізіп, домбыраны қорлаған мынадай адамдарды заң алдында қатаң жазалау керек. Егер Қазақстан жерінде жүрсе, домбыра мен исламды бір-біріне қарcы қоюы дұрыс емес, қате ұғым",- дейді Рамазан Стамғазиев.

Профессордың бұл ойын оқырмандары қолдап отыр. Ұлттық құндылықты түсінбейді олар дейді желі қолданушылары. 
 

 

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар