Мәдениет
Қазақстанда Максим Галкиннің концерті өтетін болды(видео)
- автор Akarman K
- 11 қыркүйек, 2023
- 2.3k
Әнші қазан айында өтетін концертіне тыңдармандарын шақырды.
Қазақстанда ресейлік әнші Максим Галкиннің концерті өтетін болды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Әншінің сөзінше концерт Алматы, Астана қалаларында болады. Әнші бұл ақпараттарды өзінің инстаграм парақшасында бөліскен. Арнайы видео жазып, қазақстандық тыңдармандарын өз концертіне шақырған. Толық түсініспеушілікті жойып, қазан айында өз концертін беретінін хабарлаған.
"Қымбатты қазақстандық көрермендерім! Маған көрсеткен қолдауларыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Біз туындаған барлық түсініспеушілікті шеше алдық. Осылайша, Алматы мен Астанадағы концерттер өтетін болды. Астанада концерт 8 қазанда болады. Ал Алматыда 6 қазанда емес, 9 қазанда өтеді. Сіздерді концерттерімде асыға күтемін", - дейді әнші.