Мәжіліс депутаты : АЭС салуды күллі ел болып талқылау керек
- автор Akarman K
- 12 қыркүйек, 2023
- 1.4k
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов АЭС салуды күллі ел болып талқылау керектігін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.
Депутат Ринат Зайытов атом электр станциясын салу бір ғана аймаққа қатысты емес, күллі ел болып талқылануы тиіс мәселе деп есептейтінін жеткізді.
"Бұл, біріншіден, тікелей президенттің тапсырмасы. Халық өзі шешуі керек. Келсін, талап етсін. Барлық осы саланың мамандары халықтың ғана емес, біздің де, былайша айтқанда, көзімізді ашып, көкірегімізді оятып, нақтынақты дәлелдерімен, өз уәждерін айтсын. Өйткені қазір қоғам екіге бөлініп тұр ғой. Біреу «салу керек» дейді, біреуі «салмау керек» дейді. Осы саланың біраз маманымен ақылдастым. Энергиядан тәуелсіздік бізге өте қажет дейді. Бірақ, ең біріншден, салатын компаниялар қай мемлекеттен екенін анықтау керек",- дейді депутат Ринат Зайытов.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстаннан шетелге жарты жыл бойы картоп шығарылмайтын болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 28 қаңтар, 2025