"Ұлттық компания басшылары 100 милиондап сыйақы алады": Зайытов ең төменгі жалақыны 300 мың етудің жолын көрсетті
- автор Akarman K
- 12 қыркүйек, 2023
- 1.5k
Ринат Зайытов елімізде бекітілген ең төменгі жалақы - 85 мың теңге түкке де жетпейтінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.
«Тарықпай өмір сүру үшін ең төменгі айлық кемі 300 мың теңге болуы керек, бұлай болмаған жағдайда кедейлердің санын одан бетер арттырамыз» - дейді бүгін 2 жылдық бюджетті талқылаған депутаттар.
Үш сағат бойы депутаттар мен жауапты министрлік өкілдері елдегі жалақы мәселесін талқылады. Жалақыны өсіру туралы бір мәмілеге келе алмады. Депутат Ринат Зайытов елімізде бекітілген ең төменгі жалақы - 85 мың теңге түкке де жетпейтінін айтты.
"Есепке алмаған шығындарымыз, дәрідәрмек, дәрумендер, канцеляриялық құралдар, ойыншық, демалыс, үй жиһазы, техника, азық-түліктен қой еті, сиыр еті, жылқы еті дегенді мүлдем жемейді, жеміс-жидек дегенді мүлдем жемейді, сары май дегенді, балық дегенді мүлдем жемейді, шампуньді мүлдем қолданбайды делік. Сонда сіздердің министрлігіңізге сұрақ, осы отбасы сонда қалай күн көреді?",- деді Ринат Зайытов.
Ай сайынғы еңбек ақысы халықтың күнделікті өмір сүруіне қажетті заттарға жетпейтінін айтылды. Ең аз жалақыны алатын адамның тіршілігінде ет,майды жеуге жетпейтінін жасырып қалмады.