Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев: еліміздің шахмат тарихындағы айтулы оқиға (видео)

Тоқаев: еліміздің шахмат тарихындағы айтулы оқиға (видео)
Инстаграм парақшасынан алынды
Ел президенті кәсіби және әуесқой шахматшыларға тек жарқын жеңістер тіледі.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шахматтан Қазақстан құрамасын әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында тұңғыш рет күміс медальға  ие болумен құттықтады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл ақпаратты президенттің ресми инстаграм парақшасында жарияланды. 

"Шахматтан Қазақстан құрамасын әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында тұңғыш рет күміс медальға ие болуымен құттықтаймын! Бұл – еліміздің шахмат тарихындағы айтулы оқиға. Байрақты бәсекеде қыздарымыз асқан шеберліктің және жеңіске деген шексіз ерік-жігердің озық үлгісін көрсетті. Сіздердің тамаша жетістіктеріңіз шахмат спортын жан-жақты дәріптеп, өскелең ұрпақтың оған деген қызығушылығын арттыра түсетіні анық. Мемлекет адамның ой-өрісін жетілдіретін бекзат өнерді дамытуға барынша қолдау көрсете береді. Еліміздегі кәсіби және әуесқой шахматшыларға тек жарқын жеңістер тілеймін!",-деп жазба жариялады Тоқаев. 

 

 

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар