Көлік апатынан жапа шеккен 21 жасар Оразымайға бетін емдеуге лазерлік хирург Әсел Құрманқұлова көмектесетін болды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
1 жарым ай бұрын болған көлік апаты салдарынан әле де болса 21 жасар Оразымайдың беті әлпеті орнына келмеген. Ауыр жағдайда ауруханаға түскен қыздың емделуіне қаражаты жеткіліксіз. Өзі жұмыс істеп ата-анасына қарап жүрген жас арудың әпкесі кінәлі адам емдеуге көмектесуін талап етуде.
Жол апатына кінәлі деп Асан өзінің Оразымайға емделуге көмектескенін айтты.
"Оны мұрындарының формасын келтіру үшін ауруханаға апардым. Сол жасалды. 13-14 күн емделді дейді. Содан соң Оразымай маған ештеңе керегі жоқ екенін айтты",-дейді Асан. Онымен қоса Оразымайдың 1 жарым тенге сұрағанын да жасырмады.
Асан қызға бір рет 100 мың, екінші рет 500 мың тенге берген. Бірақ, Оразымайдың анасы осы суммаға бетін қалпына келтіру түгілі мұрнына да жетпейді дейді.
Жол апатының куәгері жүргізуші мас болды дейді. Бірақ, оны Асанның жеңгесі қайын інісінің ішпейтінін айтып, жоққа шығаруда. Бұл жол апатында бұл қыздан басқа екі адам жарақаттанған. Олардың жағдайы жеңіл емес.
Психолог Оразымайдың қазіргі жағдайына қарап тек тәні жарақатынан бөлек жаны да жарақаттанған дейді. Бұл жағдай үлкен күйзеліске әкеліп, шамадан тыс ашуланшақ болып қалғанын айтты. Түндегі ұйқысыздық, мазасыздық бәрі де осы күйзелістің салдарынан.
Кінәлі отбасы Оразымай бет әлпетін қалпына келтіріп, жағдайының жақсы болуына дейін қаржылай көмек көрсету жайлы ойланатынын айтты. Бірақ, нақты шешімін жарияламады.
Лазерлік хирург Әсел Құрманқұлова бет әлпетін алдағы уақытта қалпына келтіруге болатынын айтты.
"Қыздар үшін сыртқы бет әлпеттің көрінісі өте маңызды. Өз кезегімде Оразымайды клиникамызға ақысыз емделуге шақырамын. Сізбен өзім айналысып, қолымнан келгенінше мәселеңізді шешімін",- деді Әсел Құрманқұлова.