Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Sabirkin: Мен балажан емеспін

Sabirkin: Мен балажан емеспін
Инстаграм парақшасынан алынды
Ер адам жоғары тұруы тиіс дейді блогер.

Блогер Сабира Жарасова өзінің ситуацияға жеңіл қарап, балажан емес екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл туралы Мамский әңгімеде берген сұхбатында айтқан.

4 баланың анасы Сабина бала тәрбиесінде қатты емес екенін айтты. Балаларға еркіндік беріп, құлап, жылап қалса жеңіл қараймын, паника ұстамаймын деді. Мен анамын, мен қарауым керек деген нәрсе жоқ екенін жасырмады. 

"Мен бәріне жеңіл қараймын. Құлап қалды, ештеңе етпейді. Бала болған соң құлайды. Жалаң аяқ жүгіреді, ештеңе етпейді. Ауырса бала болған соң ауырады. Дәрі беріп тастауға қарсымын. Бірінші шынымен ешқандай паникасыз жағдайына қарау керек.  Қуанышымы қарай, менің енемде мен секілді. Бізде коннект . Жеңіл қараймын.  Керек кезде жеңіл киіндіремін. Оларды қабат-қабат киіндірмеймін",-деді Сабира.

Табиғатымнан қатты алаңдау жоқ, ситуацияға жеңіл қараймын дейді ол. Күйеу бір саты жоғары тұрады дегенді құптайтын блогердің негізгі мамандығы тіс дәрігер.  Бұдан бөлек сұхбатта ешкімді тыңдамай өзінен біршама жасы үлкен адамға тұрмысқа шыққанын айтты.

Әлеуметтік желіде "американская и казахская мама" вайндарының авторының бала тәрбиесінде қандай да бір заңдары жоқ. 

 

 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар