Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады: 14 қыркүйекке арналған ауа райына болжау жасалды

Таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады: 14 қыркүйекке арналған ауа райына болжау жасалды
gorod.iv
Ауа температурасы да біршама төмендеуде.

"Қазгидромет" РМК синоптитері  14  қыркүйек сәрсенбі  күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Синоптиктердің айтуынша, 14.09.2023  еліміздің таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады. Қолайсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы да біршама төмендеуде. 

Астанада   күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы ең жоғарысы +16°C аралығында болса, түнде +7°C аралығы.

Алматыда күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы ең жоғарысы +19 °C көрсетсе, ең төмені +12°C  деп күтілуде. 

Шымкентте  күні бойы күн ашық болады деп болжау жасалды. Күндіз +25 °C жылы болса, түнде +10 °C болады деп күтілуде.

 

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар