Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нұрлан Қоянбаев: Жаңалық жасағым келді

Нұрлан Қоянбаев: Жаңалық жасағым келді
Инстаграм парақшасынан алынды
Қазақша бизнес Бразилияда түсірілетін болды.

Белгілі продюсер Нұрлан Қоянбаев өзінің жаңалық жасағысы келетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Продюсер бұл жайлы NTK Entertainment-ке берген сұхбатында айтқан.

Елдегі ең жоғары кассалы фильмнің продюсері тағы да кино түсірмек. Қоянбаев бұл жолы кино түсіруге Бразилия жерін таңдаған. 

Аталмыш фильм осыған дейін 6 елде түсірілген. Олардың қатарында Африка, Түркия, Корея, Индия секілді экономикасы дамыған елдер бар.  Бұл бөлімде біраз өзгерістер болады дейді Нұрлан мырза.

"Жетінші бөлімде бүкіл сценарист , режиссерларды ауыстырдым. Жалпы басқа көзқарас болсын деп. Қазір осы 5:30, Сержан братанды түсірген режиссер Алишер  қазақша бизнес Бразилия  киносының  режиссері",-дейді продюсер Қоянбаев.

Актерлық құрамның 80% өзгергенін де хабарлады. Әр елде түсірілген бұл кино түрлі талғамға сай дейді продюсер. Біреуге Кореядағы, біреуге Түркиядағы шыққаны ұнайтынын айтты.  Бұл жолы көп өзгерістер жасап, көпшіліктің көңілінен шығаруға тырысатынын айтты. 

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар