Имашев Зайытовқа: Негізінде білімсіз, ойша нәнсің! (Видео)
- автор kyn.kz
- 18 қыркүйек, 2023
- 7.3k
ҚР парламент мәжілісінің депутаты Ринат Зайытовқа Имашев "Дүмше депутатқа" деген атпен жыр арнады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Имашев жыр арнаудан бөлек, оқиғаға қатысты пікір білдірген.
"Ей, Ринатжан айтыста да қай тұстада бетіңнен қақпадық.
Айтқыздық ел болып, батыр қылдық,
Қосановпен істегеніңді кешірдік.
Қошановпен жүргеніңді құптадық,
Аманатқа қарсы кезіңде де, партияға жаршы кезіңде де қолдадық.
Осы уақытқа дейін артық ауыз айтқандарыңа жала жапқандарыңа, бұрыс пікірлеріңе үндемедім. Бірақ, бүгінгі шулап отырған сөзіңе арнайы үн қатпасам болмады. Сенің маған ақпараттық шабуыл жасап жатыр деген жазбаңды оқып, бауырымды қорғаймын деп әлеуметтік желіні ашып қарасам "Алаяқтықтың 80% жасап отырғандар намазхандар қауымы, өтірік болса бетіме айтсын" деп айды аспаннан шығарыпсың. Құдай-ау бұл не деген статистика. Қандай арифметика. Сандарды қайдан алдың. Саған базарға барып шемішке майдың бағасын білетіндей дүние емесқой. Өтірік пайызға шағып халықтың миын қатырғанды қой.
Постында барша мұсылман жаланың жапасын жарып орнына мыналар маған тиісіп, жабылғалы жатыр деп байбалам салғаның қалай болды. Осы ер адамның ісі ме?Сонда саған аузыңа келгенді айтып, ойыңа келгенді айтуға болады да, саған қарсы жауап беруге болмай ма? ",-деді Балғынбек Имашов.
Сен тіл тигізген намазхан қауым сол халықтың бір бөлігі дейді айтыскер.Бұл ісімен бүкіл мемлекеттік қызметкерлерге ұят келтіргенін айтты. Елді екі бөліп зайырлылар мен намазхандарды жауластырғанын айтты. Заң бойынша қылмыс, дін бойынша күнә екенін айтты. Ринат Зайытовқа алдағы уақытта өзің білмейтін тақырыптқа соқтықпа деп өтініш жасады.
Дүмше депутатқа!
Ермановтың кешегі “мықты” ақыны,
Ей, Зайытов Ринат Рифхатұлы!
Қаһарынан Құдайдың қорықпайтын,
Жаңа Қазақстанның вип “батыры”…
Басқа шығып барасың үндемесек,
Лақтырасың тасадан дінге кесек.
Кішірейіп кешірім сұрай салсаң,
Жанған отты өршітіп үрлемес ек.
Сұра десе кешірім бұлданасың,
Жасалды деп шабуыл жынданасың.
Мансабың да уақытша, атағың да,
Құдай үшін қауқарсыз құл ғанасың!
Сәжде қылған маңдайды алаяқ деп,
Жалған айып тағасың оңай-ақ кеп.
Ауызыңда бес хадис, он аят жоқ,
Жүрегіңді айтасың қалай ақ деп?
Алатауда жүр едің жалаңаяқ,
Депутат қылды сені “ағаң” аяп.
Сен барған соң “Аманат” түзелді ме,
“Нұротанның” деуші ең ғой бәрі алаяқ?
Негізінде білімсіз, ойша нәнсің,
Келген сөзді аузыңа дей саларсың.
Адамның да заңынан хабарың жоқ,
Алланың да дінінен бейхабарсың.
Қосановпен қатырдың дым демедік,
Қошановқа шақырдың үндемедік.
Мың сүрініп жатсаң да ақындықпен,
Ақталуды білесің бірдеңе ғып.
Ата дінмен алысқан Мәжілісмен,
Айыптадың бауырды ауыр іспен.
Елдің жауы мұсылман қауым емес,
Жау іздесең шатаспа әдірістен!
Елдің жауы - жемқорлар төбедегі,
Елдің жауы - тышқандар кемедегі.
Ұрыға емес құрығын дінге салған,
Депутаттың сенбісің көрегені?
Парламентте сен болсаң ең ақылды,
Неге қазір жармайсың қара қылды?
Неге айтпайсың парақор әкімдерді,
Неге айтпайсың зинақор, педафилді?
Дін - Аманат, елді одан кім тия алат?
Діл - Аманат, кім оны сілки алат?
Партияны ұятқа қалдырдың да,
Аманатқа жасадың шын қиянат!
Сөйлей берме ойыңша жорып қана,
Бере алмайсың сен дінге толық баға.
Шын мұсылман қиянат жасамайды,
Бізден емес Құдайдан қорық, бала!
Құлақкесті Құдайдың құлы, Ринат,
Жала жауып жасадың ірі ғибат.
Мүміндерге мың бәле жапқаныңнан,
Ар-Рахманның қалмайды Діні қирап.
Сұрамаймыз біз сенен қимасыңды,
Жамағатты жау санап, жима ашуды.
Қателікті мойындап момын болсаң,
Тәубеге кеп, Аллаға и басыңды!