Нұртас Адамбай: Олай болмаған жағдайда мен сізді  мылжың деп есептеймін.
 Нұртас Адамбай ҚР парламент мәжілісінің депутатына "80% намазхандар алаяқ" деген сөзіне дәлел сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
"Ел азаматы ретінде ҚР парламентінің мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтан сұхбатта айтқан сөзіңізге дәлел келтіруіңізді сұраймын.
Еліміздегі 80% намазхандардың алаяқ екені туралы . Осы сөзіңізге дәлел беруіңізді сұраймын. Олай болмаған жағдайда мен сізді мылжың деп есептеймін . Мылжың адамға парламентте орын жоқ",-дейді Нұртас Адамбай.
 Айта кетейік, бұған дейін Балғынбек Имашевтің  Ринат Зайытовтың осы сөзіне қатысты пікірін жариялаған едік. 
 



