Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Kaspi bank-ті басып алу ісі: Мұрадовқа сот үкімі шықты

Kaspi bank-ті басып алу ісі: Мұрадовқа сот үкімі шықты
ашық дереккөзі
Ол ҚР ҚК-нің 261-бабы бойынша кінәлі деп танылды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жазда Kaspi банкінің бөлімшесін басып алып, қызметкерлерін кепілге алған 30 жастағы Әлихан Мұрадовқа қатысты үкім шығарды.

Мұрадов 7,5 жылға сотталды. Ол ҚР ҚК-нің 261-бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Еске салайық, 18 маусымда Әлихан Мұрадов «Керуен» сауда орталығы маңындағы Kaspi Bank филиалына басып кіріп, мекеме ішіндегі адамдарды кепілге алды.

Оқиға орнына полиция мен арнайы жасақ дереу жетіп, жақын маңдағы үйлердің барлық тұрғындары эвакуацияланды. Басқыншы кепілге алынған адамдарды өлтіруге ниетті екенін мәлімдеді. Кейіннен ол райынан қайтып, кепілдегі адамдарды босатып, өзін полиция әкеткен еді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар