Қарапайым екі жігіт әйел мен оның екі баласын өлтірген қылмыскерді қалай ұстағанын айтып берді
- автор kyn.kz
- 19 қыркүйек, 2023
- 1.5k
Азаматтық некедегі әйел мен екі баласын өлтірген қылмыскерді қарапайым жігіттер танып қалып ұстап алған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.
«Өзгеге кесірі тимесін деп, бірден жерге жықтық»,- дейді қылмыскерді ұстаған жігіттер.
Алматыда бірге тұрған әйел мен оның екі баласын өлтіріп, артынан үйімен қоса өртеп жіберген қаскөйді ұстаған екі жігіт болған оқиғаны айтып берді. Қырағы жігіттер күдіктіні қонақ үйден орын іздеп жүрген жерінен байқапты. Басын қатерге тіксе де, еш ойланбай әрекетке көшіп, полицияға тапсырыпты. Ал қонақ үйдің әкімшілігі күдікті қылмыс жасаған күнге дейін бірнеше тәулік бөлме жалдап жатқанын айтады. Төрт күннен бері полиция жер-көктен іздеп таппай жатқан күдіктіні көшеде кездейсоқ кетіп бара жатқан жігіттер ұстады. Дүкеннен шығып, жолдың қарсы бетіндегі қонақ үйге бет алған оны алдымен Рахат Хайфназаров байқаған. Досы дүкеннен шығам дегенше, өзі бірден бас салып жерге жыққан.
"Әйел адамдар болды. Қонақүйге көтеріліп, қайтып төменге қарай түсті. Мен соларға зиянын келтірмесін деген оймен, мен білген жоқпын, оның қалтасында бірдеңе бар шығар. Арқасында асулы сөмкесі болды, сонда да, үрей болса да, тәуекел деп, сол жерден құлатып, мақсатым қолын қайырып ұстап беру болды",-дейді Рахат Хайфназаров
"Бізде де бағытбағдар бар ғой. Чаттардан келген, желілерден көрген. Ұстап алып түріне қарасам, сол кісі екен, шынымен де. Сыммен байлап, дос балам өмірін қатерге тігіп, мен көмектесіп, байласып, екеуміз бір жерге отырғызып қойдық",-дейді Олжас Кісенбай
Қылмыскер тұрған қонақ үй қызметкері мінезінің оғаш екенін бірден байқаған. Бірақ, бірдеңе дұрыс болмай,ашулы шығар деген ой болған екен.
"Стрессте жүрдіау деймін. Өйткені алақ-жұлақ етіп, ашулы. Біреумен ұрсысып қалған ба деп ойладық. Он екісі күні келіп қарызға сұрады. Ол кезде біз кіргізбедік. Бізге кіргізуге болмайды қарызға. Он үші күні түнде тағы келді. Онда ақшамен келді. Кәдімгі рюкзагы бар, ақшамен кірді",-деді қонақ үй қызметкері Хадиша Шәкенова