Әнші Луина Дубайға көшіп, сонда тұруды күйеуінің таңдағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Әнші бұл жайлы Жаңа түнгі студияға берген сұхбатында айтқан.
"Мен басқа жақта тұруға мүмкіндік болады деп ойламадым. Менің күйеуім Дубайды жақсы көрді және сол жақты өз қаласы етуді армандады. Біз варианттарды қарап, сонда қорқып бардық. Байқап көрдік. Бәріңізге ештеңеден қорықпай байқап көруге кеңес беремін. Бүкіл әлем біздің аяғымыздың астында",-деді әнші Луина.
Сұхбат барысында Алишер Каримовпен бірге басынан өткен оқиғаны айтып жұртты күлдірді. Өз өміріндегі жаңалықтармен бөлісті. Қанша жыл сахнада жүрседе жеке концерті болмағанын, осы қараша айында болатынын хабарлады.
Еске сала кетейік, бұған дейін әнші Луинаның бала күтушісі филипинка, баласы онымен ағылшын тілінде сөйлесетінін жазған едік.