Луина : баламның күтушісі филипинка,олар ағылшын тілінде сөйлеседі
- автор Akarman K
- 19 қыркүйек, 2023
- 1.1k
Әнші Луина баласының күтушісі филипинка екенін, олар ағылшын тілінде сөйлесетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл жайлы жаңа түнгі студияға берген сұхбатында айтқан.
"Бізбен бірге үйде филипинка өмір сүретін болған соң , бірде қазақша, бірде орысша, бірде ағылшынша ойланып, есіме түсіріп отырамын. Үйде солай шатасып кетемін. 20% ғана білемін ағылшын тілін. Бірақ, бала күтушімнің арқасында ағылшын тіліне практика болады. Балам үш жасқа енді толатын болса да анасымен орыс тілінде, бала күтушісімен ағылшын тілінде сөйлеу керектігін түсінеді. Сөз арасында балам жиі ағылшынша фразаларды қолданады. Мәрис менің бала күтушім әрі көмекшім",-дейді әнші Луина.
Сұхбат қазақ, орыс, ағылшын тілінде қызықты өтті дейді көпшілік. Сұхбат көрермендері Луинаның ашық-жарқындығына, көңілді екенінін таң қалуда. Әнші бұдан бөлек үйінде қандай тағамды жиі жасайтынымен де бөлісті.
Үнемі сырттан тамақтанатын әншінің отбасы, тек кішкентай баласы қалаған кезде жеңіл тағам жасап береді екен.