Қоғам
Ұшақта 17 жасар қыз тынысы тарылып, есін жимастан көз жұмды
- автор Akarman K
- 20 қыркүйек, 2023
- 3.7k
Антальяға әжесімен демалысқа бара жатып қаза тапқан.
Ұшақта 17 жасар қыз тынысы тарылып, есін жимастан көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.
Қазан қаласынан Антальяға бет алған жолаушы екен. Тынысы тарылып, есінен танып қалған қызға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Бірақ 17 жастағы қыз есін жимастан көз жұмды. Оралдағы әуежайдан күтіп алған жедел жәрдем қызметкерлері жолаушының ұшақ бортында көз жұмғанын айтады.
Марқұм анасы және әжесімен Түркияға демалысқа ұшып бара жатыпты. Өзі кішкентайынан сырқат екен. Қыздың сүйегі сараптамаға жіберілді. Ал ұшақтағы өзге жолаушылар осы оқиғаға байланысты тек төрт сағаттан соң сапарын жалғастырды.