Талғар ауруханасында әкесі қайтыс болғанын естігенде дәрігерлерді ұрған ағалы-інілі туралы тың мәліметтер шықты (видео)
- автор Akarman K
- 20 қыркүйек, 2023
- 5.3k
Талғар ауруханасында әкесі қайтыс болғанын естігенде дәрігерлерді ұрған ағалы-інілі туралы тың мәліметтер шықты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Алматы облысына қарасты Талғар ауруханасында әкесінің қайтыс болғанын естіген екі ұлы жансақтау бөліміне баса-көктеп кіріп, есік аузындағы дәрігерді тепкілеп тастаған.Онымен қоса, екі ұлы әкесінің мәйітін жылжымайтын керуертке салып, ешкімнен рұқсат сұрамай үйлеріне алып кеткен. Соққыға жығылған дәрігердің бірі жеңіл жарақат алған. Екінші дәрігер анестезиолог-реаниматологтың бас сүйегі сынып, миы шайкалып, бірнеше сынықпен жансақтау бөліміне өзі жатқызылды.
Полиция бұзақыларды ұстағаны анықталды.
Жарияланған видеода "тірі келген адамды өлтірдіңдер" деп айқайлаған дауыс естілген.
Денсаулық сақтау министрлігі осы құқыққа қайшы әрекеттерге құқық қорғау органдарының тарапынан сәйкес баға берілуі, шабуыл жасаған адамдар заңның барлық талаптары бойынша жазалануы тиіс екенін мәлімдеді.
“Талғар ауданының АОА-да қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі медицина қызметкерлеріне қатысты жол берілмейтін зорлық-зомбылық әрекеттері жасалған өрескел оқиға болды. Реаниматолог пен мейіргер пациенттің агрессивті туыстарының шабуылынан ауыр жарақат алды. Дәрігерлерге жасалған мұндай қаскүнемдік шабуылдар, ауыр пациенттерге медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның қызметіне араласуға мүлдем жол берілмейді және адамгершілікке жатпайды”, – дейді министрліктегілер.
Ұқсас жаңалықтар
Әрбір бесінші қазақстандық шетелге көшуді қалайды
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024