Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алтынай Жорабаева сүйінші жаңалығымен бөлісіп, аяғы ауыр екенін көрсетті

Алтынай Жорабаева сүйінші жаңалығымен бөлісіп, аяғы ауыр екенін көрсетті
Инстаграм парақшасынан алынды
Жасына қарап тағы да ана болу бақыты бұйырмайды-ау деп ойлаған әнші бұл жаңалыққа қатты қуанған екен.

Әнші Алтынай Жорабаева сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Әнші бұл туралы инстаграм желісіне жазған

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы өзінің сәби күтіп жүргенін айтты. 

"Алланың қалауымен, сіздердің ақ тілектеріңізбен, әкем-анам, ата-енем, бауырларым, қыздарым мен Алишер екеуміздің дұғамызбен, Алишер екеумізге Алла Тағалам сәби сүюді нәсіп еткелі жатыр екен. Алишердің төбесі көкке бір елі ғана жетпей қалды, қуанғаннан. Негізі 3 жылдай үміттенген едік. Содан былтырдан бері үмітімізді үзген едік. Себебі, жас та келіп қалды дегендей...Мені қоя берші Алишерді қатты уайымдадым, Алла бір бала берсе екен деп.

Сонда Алишер "Жаным-ау, уайымдама, бәрі Алланың қалауымен болады. Мен ертен Алланың алдына барғанда "неге болаң болмады"деп сұралмаймын. Мен қыздарға қандай әке болғаным үшін, саған қандай жар болатыным үшін сұраламын. Сондықтан, Алла бізден жақсы біледі, ненің бізге қайырлы екенін", -деген соң кішкене уайымым басылды. Шынында да Алланың өз есебі бар екен. Аллама сансыз шүкірлер",-деп жазба жариялады әнші. 

Бұдан бөлек өзінің пендешілікке салынып ұл баланы күтетінін жазған. Бірақ жары ұл немесе қыз деп бөлмейтінін жеткізген. 

Әншінің оқырмандары бұл фотосуретті көріп бақытты болуын , аман-есен босанып алуын,  балаларының рахатын көруін тілеп, пікір білдіруде.

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар