Ақылбек есімді ер адам қыздарын тоқалдыққа беруге дайын екенін айтып әйелдер қауымын шошытты
- автор kyn.kz
- 20 қыркүйек, 2023
- 3.1k
Алматы тұрғыны жетістікке жеткен әйелдер жайлы бағдарламаға барып, ер адам болмаса олардың ерлігінен еш пайда, өнеге жоғын айтты. ол онысымен қоймай өзінің 3 әйелі бола тұра, тағы тоқал алуға ниетті екенін жеткізді. Қыздар жағын қайран қалдырғаны ол өзінің қыздарын тоқалдыққа беруге дайын екенін жеткізгені, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Үш әйелім бар. Егер әйелден рұқсат сұрайтын болсам, онда несіне мен еркек боп отырмын? Олардың маған рұқсатының керегі не? Мен үшін мына үш қатын да аз. "Егер ер адам қаласа, үш-төрт әйел алуға қақылы" дейді. Әйелдің мағынасын білесіз бе, не ол? Әйелдер дандайсып, өзі шешім қабылдаса, рұқсатсыз кете беретін болса, ол әйелдің көп ақша табуының белгісі.
Сен ұрыс-керіс шығарып жатқан жоқсың, бірақ амалыңмен білдіріп отырсың. Қойныңдағы қатыныңның не істеп жүргенін білмесең, не үшін ерсің? Әйел ер адамның қуанышы, рахаты, жеңілдігі үшін жаратылды. Өйткені, ризық-несібенің барлығы еркектің мойнында.Мен әйелдеріме "Қыз тусаңдар, екінші, үшінші, төртінші әйел қылып күйеуге беремін" деймін. Бірінші қылып та бермеймін. 18 жасында байға беремін", - деді бағдарламаға келген ер адам.
Өзін шариғат заңымен өмір сүретін әділетті адам ретінде көрсеткісі келген ер адам осы пікірі үшін көпшілікке жақпай қалды. Қарапайым халық, оның әйел адамдарға зат сияқты қарайды әрі оны өзгелерге үлгі етуге тырысып бағуда деп ренжіді. "Қыздар-ай" бағдарламасының жүргізушілері де ер адамды студиядан қуды.