Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұлттық қор әр балаға 18 жасқа толғанда беретін қаржы сомасы қанша болатыны айтылды

Ұлттық қор әр балаға 18 жасқа толғанда  беретін қаржы  сомасы қанша болатыны айтылды
voxpopuli.kz
Әр қазақстандық балақайға 2024 жылдан бастап есеп шоты автоматты түрде ашылып, ақша жинала бастайды

Мәжіліс «Ұлттық қор — балаларға» жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді. Талайдан бері талқыға түскен құжат 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп жазды KYN.KZ  тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

 Баланың шотында $3500 жиналады екен Мәжіліс «Ұлттық қор — балаларға» жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді. Талайдан бері талқыға түскен құжат 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

"Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы жылда кәмелетке толмаған балаға тең бөледі. Мысалы 6 млн 700 мың бала болатын болса, ұлттық қордың  кірісінің 50 пайызы жылмажыл тең бөлінеді. Ол жыл сайын өзгеріп отырады. Алдын ала жиналған есепшоттың ақшасына, оған да пайызымен түсіп отырады. Қаражаттың барлығы АҚШ долларымен есептеледі",-дейді  Мәжіліс депутаты  Берік  Бейсенғалиев.

Қаражатты бірден алу мүмкіндігі қарастырылмаған. Бала 18 жасқа толғаннан кейін ғана жиналған соманы қайда жұмсайтынын өзі шешеді. Баспанаға алғашқы жарна ретінде қолданып немесе ел ішінде, сондай-ақ шетелде білім алуына болады. Алайда бала азаматтығын өзгерткен немесе жоғалтқан жағдайда төлем алу құқығынан айырылады. Ұлттық қордан берілетін қаражатқа салық салынбайды.

Ата-аналар әр балаға жекелей шот ашып әуре болмайды. Мұның барлығы автоматты түрде арнайы жүйеде жүзеге асырылады деп түсіндірді заң жобасының жұмыс тобы. Ұлттық Банк осыған дейін мәлімдегендей, Ұлттық қордың қазіргі кірісімен есептегенде, 18 жыл ішінде баланың шотына шамамен 3 жарым мың доллар жиналады екен.

 

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар