Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Назарбаев соңғы мемлекеттік лауазымынан айырылды

Назарбаев соңғы мемлекеттік лауазымынан айырылды
Ашық дереккөзі
Депутат Берік Бейсенғалиев бұл шешімді растады.

Тұңғыш президент Нұрсұлтан  Назарбаев  соңғы мемлекеттік лауазымынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Депутат Берік Бейсенғалиев бұл шешімді растады.

Бұған дейін мәжіліс депутаттары  тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев басқарған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңесті тарату жөніндегі түзетуді қолдап дауыс берген. Кеңесті тарату туралы түзету "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлемдер мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген. Ол екінші оқылымда қабылданған еді.

"Қорды басқару кеңесін тарату туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ, "Тұңғыш президент – Елбасы туралы" заң жойылды. Бұл заң күшін жойса да, басқа заңдарда осы заңға сілтемелер болды. Міне, сол түзету жай ғана алынып тасталды. Яғни, мұның бәрі "Тұңғыш президент туралы" заңның күшін жою аясында атқарылып жатыр", - деді депутат.

 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар