Сейітқали Ыбытаев бойдақ жігіттерге қандай әйел таңдау керек екенін айтты
- автор Akarman K
- 21 қыркүйек, 2023
- 4.3k
"Сәт" мешітінің бас имамы Сейітқали Ыбытаев бойдақ жігіттерге қандай әйел таңдау керек екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Инстаграм әлеуметтік желісінде "Атадан қалған асыл сөз" парақшасында Сейітқали Ыбытаевтың ер азаматтарына жар таңдауға берген кеңесінің видеосы жарияланған.
"Әйелің ақылды болса ол сенің байлығыңның жартысы болады. Төрт құбылаң түгел тең . Саған еш уақытта жаманшылық тағы да басқа әйелге жат қылықтарды жасамайды. Сен бол, болма. Әйел таңдағанда сұлулығы мүмкін қажет шығар бірақ тектілігіне, әйелдің тұлғасына, баланың жататын жатырдың кеңдігіне көз тастау керек. Сонда бала да балпанақтай болады. Ұрпақты ойлау керек. Өзіңменен ауылдас, бірге оқып жүргенде бірнеше жыл адамды сынап жүріп ақылына көркі сай, көркі ақылына сай, текті жердің қызы болса оны жібермеу керек",-дейді Сейітқали Ыбытаев.