Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әйел мен екі баласын өлтіріген азаматтың қылмысты не үшін, қалай жасағаны айтылды

Әйел мен екі баласын өлтіріген азаматтың қылмысты не үшін, қалай жасағаны айтылды
Ашық дереккөзі
Азаматтық некедегі күйеуі үш мәйіттің қасында 1 күн бірге болған

Әйел мен екі баласын өлтіріген азаматтың қылмысты не үшін, қалай жасағаны айтылды. Отбасыдағы әдеттегі жанжалдың соңы бұл жолы тек ұрыспен емес, адам өлімімен аяқталды. Бір емес үш адамның өмірден өтуімен аяқталды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Мадина Қамшыбайованы ұлы мен қызын бірге өлтірген қылмыскер өз қылмысын екі күн қатарынан жасаған. Бірінші күні әйелмен жанжалдасып, оны өлтіріп оған күә болған 8 сынып оқитын қызы мен 3 сынып оқитын ұлын да қоса өлтірген. Мәйітті, оқиғаны жасыру үшін бір күн сол үйде түнеген. Ертесіне болған істі жасыру мақсатында үйді өртеген. 

Сұмдық жағдайда көз жұмған Мадинаның армандары көп еді дейді туыстары. Жалдап жүрген пәтерін сатып алып, үйіне жақсы жөндеу жұмысын жүргізуді қалап, сол үшін жұмыс істіп жүрген екен. Алғашында сауда да, кейін құрылыста жүріп ақша тапқан. Балалары да мектепте белсенді, өмірге құштар оқушылар қатарында болған. Ұлы мен қызы оқитын мектептің директоры Мадинаның белсенді аналар қатарында екенін айтты. 

Өмірің соңғы күндері әлеуметтік желіге мұңды  жазбалар салған екен. Көршілері аптасына екі рет осы үйде у-шу болып,  ұрысатынын да  айтқан.

Мадинаның туыстары ешкімді аямай өлтірген қылмыскерді түрмеде асырамай, өлім жазасына кесу керек дейді. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар