Төреғали Төреәлі тағы да жауапқа тартылып жатыр,20 тәулікке қамалуы мүмкін
- автор kyn.kz
- 22 қыркүйек, 2023
- 4.4k
Танымал қазақстандық әнші Әлиханов Төреғали Төреәлі тағы да сотқа тартылды. Бұл жолы әнші өзін тұтқындау кезінде полиция қызметкерін балағаттағаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
"Түрксіб аудандық сотында Т. қатысты қылмыстық іс қаралуда. Әлихановтың қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкілін қорлау фактісі бойынша (ҚР ҚК 378 - бабының 1-бөлігі)", - делінген Алматы қалалық сотының хабарламасында.
Қазіргі таңда "Бол жанымда", "Менің Толқыным", "Бүртүрлі қыз", "Уәде қайда", "Іздеме" , "Өмір тамаша", "Қазақ қызға үйленем" әндернің орындаушысы Төреғали әлеуметтік желіде белсенді. Іс қозғалған күні Instagram парақшасында видео жариялаған. Онда әнші өзін түсіріе отырып Мұхаммед әлидің айтқан аудиосымен монтаждап салған.
"Сендер менде мүмкіндік жоқ дедіңдер ме?Дұғадан басқа ештеңе жоқ дедіңдер ме? Маған одан артық ештеңе керек емес"- деген мәтіндегі Мұхаммед Әлидің сөзі еді.
Айта кетейік, бұл әнші Төреғалидің сотқа қаралып жатқан алғашқы ісі емес. Бұған дейін әншінің талай бұзықтығынан видео тараған еді. Ал осы жазда көлікті есірткі тұтынып,есіргені үшін қамалып шыққан еді.