Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Блогер Дархан Жолшыбеков: Шетелге көшіп, сонда бизнес жасаймыз

Блогер Дархан Жолшыбеков: Шетелге көшіп, сонда бизнес жасаймыз
Инстаграм парақшасынан алынды
Блогер: Stories-те жұмсақ көрінгенімен, мен өмірде әйеліме қаталмын.

Әлеуметтік желіде өте белсенді блогер, бизнесмен Дархан Жолшыбеков шетелге көшіп, сонда бизнесін 0-ден бастап  жасайтынын айтты. Жан рахатындағы өмірден шығып басқа елде де емін-еркін тұруды көздеген блогер бұл жаңалығымен «OZIMIZGOI» бағдарламасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.


 «Алла қаласа біз ойластырып қойдық. Шетелге шығып сол жақта тұрамыз  деп. Осы жақтағы барлық тірлігімізді тиянақтап, бізсіз жұмыс істейтіндей қыламыз. Жан рахатынан шығып, сол жақта 0-ден бастап кәсіп бастағымыз кеп жатыр. Сондай ойымыз болып тұр»,-дейді блогер Дархан Жолшыбеков.


Бизнесмен отбасылық өмірімен, жұмыс барысындағы біршама жаңалықтарымен бөлісті. Жақында ғана блогер әйеліне су жаңа көлік сыйлап, әнші Садраддиннің концертіне қаржылай көмек берген. Алдағы уақытта  ата-анасына да үлкен сыйлық жасайды екен. Оны қараша айында көрсететінін айтты. Ата-анасының Тараз қаласында тұрса да толық қамтамасыз етемін дейді блогер. 

Жұрт үнемі қызығып қарайтын жұп Дархан мен Даридің арасында ұрыс-керіс өте сирек болады екен.

«Стористе жұмсақ көрінгенімен, мен өмірде әйеліме қаталдаумын. Абьюзер емеспін. Соңғы рет қашан ұрысқанымыз есімде жоқ»-дейді Дархан Жолшыбеков.

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар