Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қияметте жауап бересіңдер": Ердос Қанаев кейбір коучтарға ескерту жасады

"Қияметте жауап бересіңдер": Ердос Қанаев кейбір коучтарға ескерту жасады
Сурет: ашық дереккөздерден
«Жігіттер» квартетінің мүшесі, әнші Ердос Қанаев кейбір коучтар мен өзгелерге ақыл беретіндерді сынға алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі сөзінше, кей әйелдер коучтардан алған кеңестерге сеніп, отбасы күйреп жатыр. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

“Қолымда билік болса, коучсымақтар мен “данышпансымақтардың” сөзіне сеніп, ажырасып жатқан, сөйтіп бала-шағасын асырай алмай, бақытсыз болып жүрген әйелдердің бала-шағасын асырауды солардың мойнына жүктер едім”, – деп жазды ол.

Ердос Қанаев бұл айтылғандары барлық коучтарға қатысты емес екенін, алайда кейбірінің істеп жүргені дұрыс емес екенін айтты.

“Әйелінен айырылған еркектің ендігі үйленетін тойын, қызға берер қалыңмалын – бәрін солардың мойнына жүктер едім. Бәріне топырақ шашпаймын. Алла және Пайғамбар сызып берген шеңберді бұзу – ауыр іс. Қияметте жауап бересіңдер”, – деп түйіндеді Ердос Қанаев.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар