Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нұрболхан Шарапов: Киноға түсу барысында канализацияның суына түстік

Нұрболхан Шарапов: Киноға түсу барысында канализацияның суына түстік
Инстаграм парақшасынан алынды
Әзілкеш: Түсі де иісі де  жаман суға  киноның сәтті шығуына кедергі келтірмеу  үшін қарсыласпадым.

Түрлі әзіл  шоу, бағдарламалармен елге таныс болған Нұрболған Шарапов бұл жолы өзін басқа қырынан көрсетті. Әзілкеш өзінің алғашқы толық метражды фильміне түскенін «Жаңа түнгі студияда» бөлісті. Нұрболхан Шарапов киноға түсу барысында канализацияның суына түскенін айтты. Түсі де иісі де  жаман суға  киноның сәтті шығуына кедергі келтірмеу  үшін қарсыласпаған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

«Киноның сәтті шығуына кедергі келтірмейін. Бұл өнер дедім. Олар мені судың астына қайта-қайта батырды. Менің өмірімдегі алғашқы толық метражды фильм болған соң, бір жағынан өзім соған атсалысқым келді»,-деді Нұрболхан Шарапов. 
 

Әзілкен алғаш рет толық  метражды фильмге түсетін болған соң, басында бәріне келісіп қойған екен. Жуырда актер түскен батырлар жайлы комедия жарыққа шығады.

Инстаграм парақшасында 1млн 900 мыңнан астам оқырманы бар әзілкеш вайнер, блогер болып та жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін актер қазақстандық танымал «Келінжан»  сериалында ойнаған.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар