«Тәрбие көрген балалар»:Роза Рымбаеваның ұлдарына жұрт сүйсінді
- автор kyn.kz
- 25 қыркүйек, 2023
- 4.5k
Қазақ эстраданың жарық жұлдызы Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқаповтың сәбиіне деген қамқорлығын естіп жұрт сүйсінді. Әнші баласының өміріндегі барлық жұмыстарға қатысады екен. Түн ішінде жыласа тұрып, тамағын дайындап беріп, киімдері былғанса жуатынын айтты. Бұл жайлы «Жаңа түнгі студия» бағдарламасына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Әли ұлының атын «Зейін» деп қойған екен. Анасы бұл таңдауға қарсы болмай, керісінше әкесінің қойғанын қалапты. «Баламның есімін қоярда анамнан сұрадым. Ол маған «өзің қалай шешесің сөйтіп қоямыз, сенің таңдауыңа сенеміз» деді. Батасын берді. Дегенмен екі-үш нұсқаны ұсынғанда ол өзіне ұнағанын айтты. Інім Мәдидің де өз нұсқасы болды. Ол «Рекардо» деп қоюды қалады»,- дейді Әли Оқапов.
Зейін есімді тұңғышына әнші өте жақын екен. Баласына да, әйеліне де жиі көңіл бөліп, қамқор болуға тырысатынын жасырмады. Інісі Мәдиде Зейінге өте жақын, жиі қарасып, қамқор болатынын айтты.
«Мен барлық балаға қатысты жұмыстарға қатысамын. Түн ішінде тұрамын памперісін ауыстырамын, тамағын дайындап беремін, киімдері былғанса киімін жуамын»,-дейді әнші.
«Тәрбие көрген балалар», «тектінің ұрпағы» , «таза қазақша қатесіз сөйлейді екен», «Роза Қуанышқызына ризамын, өнерді тастамай, екі балаға таза қазақи тәрбие берген екен», «сондай ұстамды», «білімді жігіттер екені көрініп тұр» деп пікір білдірді сұхбаттың көрермендері.