Шымкентте 15 жасар ұлды ауласына келіп белгісіз жандар ұрып кеткен
- автор kyn.kz
- 25 қыркүйек, 2023
- 5.8k
Шымкентте 15 жасар ұлды ауласына келіп белгісіз жандар ұрып кеткен. Құрылыс қоқысын қақпаның маңына не үшін тастадыңыздар дегені үшін жасөспірім оңбай таяқ жеген, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Оқиға осыдан 1 жыл бұрын болған. Әлі баланың ұрып-соққандар заң алдында жазасын өтемеген. Баланың бас-миы шайқалып, мойны сынып, 1 ай ем қабылдап, невропотологтың учетына ілінген.
“Жастары 30-дан асқан екі аға мені бас салып ұрып-теуіп жатқанда оларға мамасы келе жатты. Балаларына Қой деп айта ма десем, үлкен әйел мені қосылып ұрды”,- дейді жасөспірім.
Содан бері анасы екеуі полицияға арызданып, прокуратураға жүгініп қанша шырқырағанымен мойнын сындырған отбасыға еш жаза жоқ. Сол оқиғаның кесірінен бала бір ай сабақтан қалды. 5-ке оқитын оқушының үлгерімі төмендеп кеткенін мұғалім де растап отыр.
Медициналық барлық анықтамалар, көршінің видео бақылаудағы көрінісі, басын жарған кірпіштің бөлігі … дәлелдің бәрі бар. Оқушының үш ересектен таяқ жегенін Шымкент қалалық балалар омбудсмені де біледі. Бірақ, жасөспірімді ұрып-жыққандар істеген ісі үшін жазасын алмай емін-еркін өмірлерін сүруде.
Еске сала кетейік, ел президенті Тоқаев кешегі жолдауында “Кәмелет жасқа толмаған балаларға қатысты қылмыстық жаза күшеюі тиіс” деген еді.