42 жастағы әйелді екі баласымен қосып өлтірген азамат көпшілікті шошытатын мәлімдеме жасады
- автор kyn.kz
- 26 қыркүйек, 2023
- 11.6k
Оқиға 14 қыркүйек күні орын алған. Қаскөй өзінің азаматтық некедегі әйелімен ұрысып, соңында оны өлтірген. Бұл оқиғаға күә болған әйелдің қызы мен ұлында еш аямастан қорлықпен пышақтап өлтірген. Қылмыскердің полиция қызметкерлері іздестіріп жүргенде, Рахат пен Олжас есімді жігіттер қаскөйді ұстап берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
«14-15 күні осы шудан соң қылмыскердің суреттер инстаграмға тарады. Көрген соң түрі есімізде жатталып қалды. Оны қонақ үйден орын іздеп жүрген жерінен түнгі 1-ден асқанда байқап қалдық. Солай полиция хабарластым. Полиция біз барғанша жібермей тұру туралы айтты. Мен артынан жүріп отырып қолын қайырып ұстадым. Содан соң, досымды шақырып бірге қылмыскерді ұстап полиция келгенде тапсырдық»,- дейді Олжас пен Рахат.
«Мен жастайымнан әке-шешемнен айырылғанмын. Жетім өскенмін, жақсылықтың бәрін осы отбасыдан көргенмін. 11 жыл бірге тұрдық. Сол кезде әйелім сатқындық жасады. Әйелім 11-де келу керек еді жұмыстан, ол 16:30-да келді үйге. Мен ішіп алып айқайды бастадым. Содан кейін тамағына пышақ тақап тұрып, кесіп алдым. Қалағанын не болғанын білмеймін» деген қылмыскер өзін ұстап алған Олжас пен Рахатқа.