Америкалықтар асырап алған Гүлмира елге оралып туған анасымен қауышты
- автор kyn.kz
- 27 қыркүйек, 2023
- 5.0k
Роза Смагұлова өз қызымен 26 жылдан кейін қауышты. Америкалықтар асырап алған қазақ қызы анасын тауып алған. Гүлмираның америкадағы ата-анасы 12 жасқа толғанда асырап алғанын айтқан екен. Кейін есейе келе қыз біраз уақыт туған анасын іздеген. Солай осы жылы өзін өмірге әкелген анасын тапты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Анасы бұл оқиғаға өте қуанышты. Қызынан үмітін үзген ана, «Алла маған тағы да мүмкіндік берді» деп ағынан жарылуда.
"Шетелден Америкадан қызым келді, бір апта бойы бәріміз қуанап жүрміз. Мен қызымның осы дүниеде бар екенін білмедім. Өзі хабарласып қызым, өзі тауып алды. Біріншіден Аллаға рақмет, қызыммен табыстырған. Алла маған бір мүмкіндік берді. Екіншіден қызымның америкалық ата-анасына рақмет. Олар бәрін түсіндіріп айтқан екен. 12 жастап бастап «сені Қазақстаннан әкелгенбіз, сенің туған жерің сол жақ» деп айтқан екен. Біз жақта менталитет басқа, ол жақта басқағой . Содан бастап қызым іздеген", - дейді қызымен аман - есен кездескен Роза Смагұлова.
Бұл оқиғаға жұрт түрлі пікір білдіруде. Бірі анасы қалай баласына дұрыс қарамаған десе, екіншісі бастысы аман кездескенін айтуда. Араға 26 жыл салып кездесу бұйырғанына таң қалуда.