Қыран Талапбек 700 млннан астам қаржы жұмсаған үйін көрсетті. Ол бұл үйінде ата-анасымен, жарымен , інісімен тұратынын айтты. Заманауи үлгіде жасалған үй көпшілікті таң қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Қыран жаңа үйін Бейбіт Әлібековтің ютуб бағдарламасында көрсетті. "Бұрынғы үйімізді саттық. Ақшамыз тек жер алуға жетті. Бұл үйдің көлемі 10 сотық. Бұл жерде ескі үй болды. Оны сүріп тастадық. Өте көп қаражат жұмсадық. Менің есептеуімше, 1,5 млн доллардан көп кетті. Үй 500 шаршы метр", - деді Қыран Талапбек.
Жақында ғана екінші рет үйленген Қыранның жары бұл үйде ата-енесімен емін-еркін тұрып жатқанын жеткізді. "Ата-анамен тұру жақсы. Барлық жағдай жасалғандықтан қиналмаймын. Мұнда біз Қыран екеуіміз, Қыранның інісі, ата-анасы тұрамыз. Үйде бір-бірімізді көрмейміз. Әр кім өз өмірін сүреді. Үйдегі әр жатын бөлмеге саусақ таңбасымен ғана кіруге болады. Біз біріміздің бөлмемізге біріміз кірмейміз", - деді жары Гүлзада Тұрлаш.
Үйді көру барысында әрбір бөлмеде жеке гардероб бар екенін байқауға болады. Әрбір бөлме егесінің саусақ іздері арқылы ашылады. Қонақ күтетін замануи және қазақи нақыштағы бөлмелері де бар екен.
Үлкен үйде арнайы тағам дайындап, үйді жинайтын қызметкерлерді де жұмысқа алған. Бұл үйде жеке терасса мен аулада мобилографтың жеке жұмыс кеңсесі де қамтылған. "Өте жақсы салынған үй, бағасына сәйкес келеді" деп пікір білдіруде көпшілік.
Қыран Талапбек өзінің сүйікті көліктерін де көрсетті. Үйінде көлік көп болған соң оларға үлкен тұрақ та жасаған. "Бес көлік бар. Біреуі - әкемдікі, біреуі - менікі, біреуі - жұбайымдыкі. Тағы біреуі ұтысқа қойған көлігіміз. Оны кейде мен, кейде інім айдайды", - деді Қыран Талапбек.
Естеріңізге сала кетейік, Қыран Талапбек пен өзінің екінші әйелі Гүлзада Тұрлашқа көлік сыйлағанын жазған едік.