Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Рақмет жаным» деп құшақтап алғанмынғой":Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболханмен қалай татуласқанын айтты

«Рақмет жаным» деп құшақтап алғанмынғой":Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболханмен қалай татуласқанын айтты
Ашық дереккөзі
Актер мен журналист ел алдында ұрысып, 4 жыл өткенде татуласты

Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шарапов 4 жыл араздықтан соң, қалай татуласқанын айтты. Журналист бұлай болатынын мүлде күтпеген, деп хабарлайды  KYN.KZ тілшісі.  


Ләйлә Сұлтанқызы  бірінші Нұрболханның кешірім сұрағанын айтты. «Мен біріншіден күткен жоқпын, екіншіден өзімнің түрімнен көрініп қалды менің күтпегенеім «рақмет жаным» деп құшақтап алғанмынғой  ұялып қалдым артынан. Уақыт өттіғой. Көп құпия сырлар бар мен айтып, өзімді  ақтап алғым келмейді. Біреудің сырын , құпиясын айтқым келмейді. Нұрболханның бұл  қадамы ер азаматтық іс. Сондай қадамға барғаны менің оған деген  сыйластығымды  арттырды»,-дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

«Біз татуластық ия. Біз төрт жыл араз болыппызғой. Бір-бірімізбен сөйлеспегенбіз. Ол жарамас. Өмір деген қысқа. Сондықтан ұрыспай, керіспей тату болып жүру керек»,-дейді Нұрболхан Шарапов. 


Айта кетейік, қазіргі таңда  тележүргізуші мен әзілкеш бір  киноға түсіп жатыр. Олар түскен кино қараша айының ортасында халыққа ұсынылады.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар