Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Динара Сәтжан : 5 жыл бұрын Америкада жүріп  армандаған жобамды жасадым

Динара Сәтжан : 5 жыл бұрын Америкада жүріп  армандаған жобамды жасадым
Ашық дереккөзі
Қызықты бағдарламасына қонақ ретінде Баян Мақсатқызы мен оның жұбайын шақырып үлгерген.

Тележүргізуші Динара Сәтжан Америкаға барып, қызығып көрген бағдарламасы секілді жаңа жоба жасады. Ол бұл жайлы армандаған екен. Америкадағы сол бағдарламаның атмосферасы ұнағандықтан, біздің елімізде де сондай жақсы бағдарлама болуы керектігін ойлаған,  деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

«Менің арманым болды. Мен бес жыл бұрын Нью Йоркке құрбыммен барғанмын. Екеуміз Манхэттенде жүріп, сол жерде тұрған бағдарламаны көрдік. Біз жақта бағдарламалар студиясы бір жерде көрінбей орналасқан. Ол жақта керісінше, үлкен жазумен жазылған. Билет сатып алып, кірдік. Оларда көрермен бар. Ол жақтың атмосферасы ұнады. Маған көрермен жетпейтін еді. Менің қонағым жыласа бәрі жыласын, күлсе бәрі күлгенін қаладым. Студияда ең бастысы төбесінің биік болғаны. Содан соң, мен өзіме студияға сай жерді іздедім. Сарыарқа сауда үйінен орын алдық. Сол жақтан жақсы студия жасадық»,- дейді Динара Сәтжан. 

Сауда орталығында студияның орналасқанының артықшылықтары бар екенін айтты. Ол жақта адам көп жүрген соң бәрі байқайды дейді журналист. 
Жаңа жобасын «Late night show DS» деп атаған. Емін-еркін ешқандай шектеусіз, қызық сұрақтар қойылатын шоу жасаған. Түрлі тақырыпта, түрлі тұлғаларман сұхбаттасқанды жақсы көретін Динара жаңа бағдарламасына  Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзовты шақырып үлгерген. Журналист 10 мың сұхбат жасауды алдына мақсат етіп қойып отыр .

Айта кетейік, бұдан былай Динара Сәтжан өзінің киім брендін Алматыда "Saks"  дүкенінен сатып алуға болатынын да хабарлады.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар