Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ҚР СІМ «Қазақстанға соғыс ашқысы келетін» ресейліктерді арнайы тізімге алып жатыр

ҚР СІМ «Қазақстанға соғыс ашқысы келетін» ресейліктерді арнайы тізімге алып жатыр
ашық дереккөзі
Бұған дейін ресейлік дәрігер Қазақстанды жаулау туралы пікір білдірген еді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, мұндай тізім бар, бірақ жарияланбайды, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі  Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінгі баспасөз мәслихатында журналистер Қазақстанға қарсы сөйлеп, екі елдің арасын суытқысы келетін ресейліктерге қандай да бір шара қабылдана ма, олардың тізімі жасала ма деп сұраған. 

«Әрине, біз сондай тізімді жүргіземіз, алайда бұл жұмыс тізімі. Жариялай алмаймын», - дейді Айбек Смадияров.

“Оларға қандай шара қабылданады?” деген сұраққа Смадияров “шекара жабылады” деп жауап берді.

Журналистердің бұлайша сұрақ қоюына ресейлік дәрігер-эндокринолог Илья Магеряның “бұлай кете берсе, Ресей Қазақстанға басып кіруге мәжбүр болады” деп сөйлегені себеп болған.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар