1xadv

Алматы облысында өгей әкесі 10 жастағы қызды 2 жыл бойы зорлап келген

Қызды қораға апарып өзінің арам ойын іске асырған

Ашық дереккөзі

Алматы облысы, Ақши  ауылында өгей әкесі 10 жастағы қызға  айтуға ауыз бармайтын қиянат жасаған.  2 жыл бойы қорлаған. Зорлыққа ұшыраған 4 сынып оқушысының жақындары әділдікке қол жеткізу үшін көмек сұрауда, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Кішкентай қыз анасына болған оқиғаны  айтуға қорыққан. Бірақ, кейіннен нағашы әжесіне жағдайды баяндап береді.  Қыз әжесіне санын сипалап, тиіскенін айтқан. Қорлық көрген қыз оқиғаның қай жерлерде орын алғанын да көрсеткен. 

" Мені  өгей әкем бірінші менің бөлмемде тиісіп бастады. Содан кейін анамның бөлмесінде, қонақ бөлмеде, қорада",- дейді жапа шеккен қыз. 

Қыздың жақындары әділдікке қол жеткізу үшін, іс қозғатып, қылмыскердің заң алдында жауап беруін сұрауда. 

Loading...