Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Іле-Алатау ұлттық паркінде орманшыны өлімші етіп сабап кеткен

Іле-Алатау ұлттық паркінде орманшыны өлімші  етіп сабап кеткен
Ашық дереккөзі
Орманшыны ағаш тоқпақпен соққыға жыққан

Іле-Алатау ұлттық паркінде бет-аузының сау-тамтығы қалдырмай орманшыны сабап кеткен. Орманшыға жабық ми жарақаты диагнозы қойылған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ulysmedia-ға сілтеме беріп.

Әлеуметтік желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға 29 қыркүйекте болған. Жазбада зардап шеккен орманшының әпкесінің хабарламасы келтірілген.

"Менің інім аумақты кешкі тексеруден дейін жаяу келе жатқан. Сол кезде қара түсті көліктің шлагбаумды бұзып жатқанын көреді. Інім оларға жақындап, мән-жайды сұрайды. Оның үстінде ұлттық парктің логотипі бар арнайы киім болды. Қолында инспектордың куәлігі болған. Көліктегі төрт адамның бірі оған жақындап,  төбелесе бастаған. Кейіннен ағаш тоқпақпен соққыға жыққан", - деп жазған орманшының әпкесі.

Оның айтуынша, орманшы есінен танып қалған, ал есін жиғанда айналасында тас қараңғы болған. 

"Есін жиған соң бізге келді. Денесінің бәрі қан. Құлағынан қан атқылады. Құса бастады. Полицейлер келіп, арыз алып, іздерін қарап, киімдерін алып кетті", - деді жәбірленушінің әпкесі.

Полиция бұл жағдайға әлі түсініктеме бермеген.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар