Ата-анасынан айырылған 11 жастағы қыз асыраушыларынан қорлық көріп жүргенін айтты
- автор kyn.kz
- 3 қазан, 2023
- 6.1k
Алты жыл бұрын ата-анасынан айырылған Ақниет айтуынша асыраушылардан көрмеген қорлығы жоқ. Туыс әпкесі туған бауырына сенбей жасөспірім қызға қауіп төніп тұрғанын айтуда. Оның айтуынша, марқұм ағасының дүниесін қолды қылып, қаладан үй алып, қалтасын қалыңдатқан, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Он бір жастағы жетім қалған жалғыз қыздың тағдыры қиын. Ол ата-анасы қайтыс болғаннан бері туыстарының қамқорлығында қалған. Қыздың әке-шешесінен де бірмаша дүние қалған екен. Сол дүние үшін Алмабек есімді туысы асырап алған. Бірақ 11 жастағы қыз олармен бірге тұрғысы келмейтінін айтқан. Үнемі жұмсап, еркін болуына уақыт бермейтін көрінеді.
"Мен ол кісілермен тұрғым келмейді. Себебі, олар мені ұрады,ұрсады. Қиналып кеттім. Тұрғым келмейді мен",- деп жетім қыз жылап қалды.
"“Құныққан түгім жоқ, төрт аяқтыларды талан таражға салған - туыстарымның өзі. Құлша жұмсап, нәжіс төктірген түгіміз жоқ. Баламдай көріп бауырыма бастым”, - дейді ағасы Алмабек.
Таласқан туыстар бір ауылда тұрса да бес жылдан бері баланы бөлісе алмауда.