Президенттің өкімімен Ғабит Амангелдіұлы Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды
- автор kyn.kz
- 3 қазан, 2023
- 2.3k
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ғабит Амангелдіұлы Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл ақпаратты akorda.kz жариялады.
Ғабит Амангелді жайлы мәліметтер:
Туған жылы: 1978 жылғы 3 маусымда Ақмола облысында туған. 1994-1999 жж. - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде оқыған. 2001-2017 жж. – прокуратура органдарындағы қызмет еткен. 2017-2020 жж. – банк саласындағы қызмет істеді. 2020-2021 жж. – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі болған. 2021 жылғы 2 наурыздан 2022 жылғы 8 қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі аппаратының басшысы. 2022 жылғы 8 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары болған.