Арман Қайназаровтың жары: 4 баламыз бар, Арманнан еш жамандық көрмедім
- автор kyn.kz
- 4 қазан, 2023
- 33.9k
Арман Қайназаровтың жары сазгермен өткен өмірі, отбасы, елдің сыны жайлы алғаш рет "Қыздар-ай" бағдарламасында сұхбат берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Біз үйлендік. Үлкен ұлым - 20 жаста. Одан кейін 16, 15 және 5 жастағы ұлдарым бар. Арман балаларды өте қатты жақсы көрді. Кішкентайынан балаларына жақсы қарайтын. Оның жаман жерін көрген емеспін. Ең әлсіз жері - ішкілікке салынғаны. Соның салдарынан болмаса, Арманнан жаман нәрсе көрмедім. Отау құрғанымызға 20 жыл болды.
Арманның ішімдікке салынуы 2005 жылдары басталды. Арман сол уақытта студияларға барып бастаған еді. Ер адамдар жиналған жерде ара-тұра ішеді, сөйлеседі. Арманда сол жағынан әлсіздік болды ғой", - деді Арман Қайназаровтың жұбайы Алтын Табылдықызы.
Ол күйеуін бірнеше рет емделуге жатқызғанын да жасырмады.
"Арман емнің бәрін алды. Отыз жыл қасында болған Талғат досы да біледі. Қысты күні өліп қалады деп қорқып, диспансерге де салдық. Өйткені, барлық емдеу орталықтары адамды өз еркімен ғана қабылдады. Еркінен тыс ұстай алмайды. Арман өз еркімен ол жерден кетіп қалатын. Кейде бір ай болады, кейде жеті ай болады. Одан кейін тоқтайды. Олардың ұстауға құқығы жоқ.
Әлеуметтік желіде де маған аузына келгенін айтатындар көп. "Ана әйелі қайда жүр?" деген әңгіме айтады. Олар менің кебісімді киіп, өмірімді сүріп көрген жоқ. Ондай әңгіме айтпасын. Арманды соңғы рет мамыр айында тағы да емдеу орталығына апардық.
Ол жерде үш апта болды. Емделу процесі тәуелді адамдарға 1 жыл - 1 жыл, 2 ай болады. Сондай бағдарламаға өтуі керек болған еді. Бірақ ол қарсы болып, менің сол жерге апарғаныма өкпеледі", - деді марқұм композитордың жұбайы.