Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында қаскөй 2 және 3 жастағы қыздарды 9 ай бойы анасы мен әжесінің көзінше зорлап келген

Алматы облысында қаскөй 2 және 3 жастағы қыздарды 9 ай бойы анасы мен әжесінің көзінше зорлап келген
ПД
Қазір аяусыз зорлық көрген қос қызға ота жасалған, олар ауруханада жатыр

Алматы облысы полицейлері 2 және 3 жастағы қыздарды әжесі мен анасының көзінше 9 ай бойы зорлап келген 1982 жылы туған азаматты ұстады, деп жазды  KYN.KZ  тілшісі.

Бұл айуандықтың қалай және қашан болғаны жайлы  балалар құқығын қорғаушы өкіл Динара Закиева хабарлады. Оқиға Балқаш ауданында болған. Азғын 1982 жылғы жергілікті тұрғын  азап көрген қос балақайдың анасы және әжесімен тұрған.

Құқық қорғаушылардың сөзінше  осы отбасында тұрған азаматтың азғындығын балалардың әжесі мен анасы білген. Күдікті оларға түзелетіні жайлы уәде беріпті мыс. Сол себепті қос әйел зорланған қыздарды құтқаруға асықпаған.Соңы балалар мас азғынның қолында өліп кете жаздаған.

Күдікті қазір тергеу абақтысында жатыр. Ол өзі әрекетін мойындап, мастықпен жасадым деп ақталуға тырысқан.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар