Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Балалар мектепке білім алуға барады": Тоқаев хиджап мәселесіне нүкте қойды

"Балалар мектепке білім алуға барады": Тоқаев хиджап мәселесіне нүкте қойды
коллаж kyn.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде мектептегі хиджаб мәселесі жайлы пікірін айтты

Оқу жылы басталмай тұрып халық дүрліккен хиджап мәселесіне алғаш рет президент өз пікірін білдірді, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

«Мен қоғамда жиі талқыланатын тағы бір мәселеге тоқталғым келеді. Қазақстан – Конституция бойынша зайырлы мемлекет. Бұл қағида барлық жерде, соның ішінде білім беру мекемелерінде қатаң сақталуға тиіс. Мектеп – ең алдымен, білім ордасы. Балалар мектепке білім алу үшін барады. Ал діни ұстаным – әр азаматтың жеке мәселесі, өз таңдауы. Елімізде дін бостандығына заңмен кепілдік берілген. Балаларымыз есейіп, дүниетанымы толық қалыптасқан соң өз таңдауын жасағаны дұрыс деп санаймын”, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы ең бастысы, көзқарасы айқын, санасы сергек әрі дәстүрге берік ұрпақ тәрбиелеу керектігіне назар аударады.

“Жалпы, зайырлы деген сөздің мазмұны терең, өте ауқымды. Халқымызға қатысты айтатын болсақ, бұл – салауатты өмір салтын ұстану, прагматикалық көзқараста болу және дәстүрлі дінімізге, ұлттық сананы арқау еткен салтымызға шынайы құрмет деген сөз», – дейді ол.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар