Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Сіз кімсіз, мүфти мырза?»:желіде бас мүфти туған және оқыған жерін неге жасырады деген сұрақ көтерілді

«Сіз кімсіз, мүфти мырза?»:желіде бас мүфти туған және оқыған жерін неге жасырады деген сұрақ көтерілді
muftiyat.kz
Ол өзін Түркістан облысы тумасы деп көрсеткен. Бірақ, желі қолданушысы оның жалған екенін айтып видео жазды

«Сіз кімсіз, мүфти мырза?»!Әлеуметтік желіде «Наурызбай қажы Тағанұлы туған жері мен білім алған оқу орынын не себепті жасырды» деген сарында бейнероик тарап жатыр. Бейнежазба авторы оған бірнеше дерек келтірген,деп жазды KYN.KZ  тілшісі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Ақпарат көздерінде бас мүфтидің туған жері Оңтүстік Қазақстан облысы екені көрсетілген. «Ал шын мәнінде Наурызбай қажы Өзбекстанның Самарқанд облысында дүниеге келген» дейді жазба авторы.

Дәлел ретінде ескі төлқұжатының көшірмесін жариялаған. Қазақстанның бас мүфтиі өмірбаянында Имам әл-Бухари атындағы Ташкент Ислам университетін тамамдадым деп көрсеткенімен, автор бұл ақпараттың да шындығына күманданған. Аталған оқу орнының қызметкерлері Наурызбай қажы осы білім ошағының түлегі екенін растамады дейді.

Қазақстанның Діни басқармасы жоғарыда келтірілген деректер бір жыл бұрын белгілі болған деп, арнамызға берген ресми жауабын қысқа қайырды. Бас мүфтидің өзі осыған дейін берген сұхбаттарында да жоққа шығарған емес дейді.
 

"Самарқан облысы Қаттықорған қаласы деген жерде әкем қызмет істеді. Сонда тұрдық. Ол жерде үлкен Қазақ ауылы деген елдімекен болған. 200-ден астам отбасы тұрады. Тек қана қазақтар. Мен сол жерде дүниеге келгенмін. Одан кейін отбасымыз Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданына қоныс аударып, әкем мені Алматы қаласына дін оқуына түсіруге алып келді. Азаматтыққа келетін болсақ, біздің кезімізде қызыл төлқұжат болатын. Мен сол төлқұжатты Түлкібас ауданынан алғанмын",-деді Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар