Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы түрмесінде транссексуал өзін зорлаған бір адамның кеңірдегін кесіп, екіншісін тұншықтырып өлтірді

Алматы түрмесінде транссексуал өзін зорлаған бір адамның кеңірдегін кесіп, екіншісін тұншықтырып өлтірді
ашық дереккөзі
Ол сотта екі адамды өлтіргеніне еш өкінбейтінін айтты

Алматыдағы ЛА 155/18 жазасын өтеушілер мекемесінде сотталушылар арасындағы жанжал, адам өлімімен бітті. Бұл жолы жазасын өтеушіні екі камераласы зорлаған. Ер адамдар арасындағы бұл оқиға бірнеше ай бұрын болған, деп жазды KYN.KZ  тілшісі Press.kz- ке сілтеме жасап.

Бұл қылмыс бойынша мекеме қызметкері түрмеде дәстүрлі емес бағыттағы, транссексуалдарды өзгелерден бөлек камерада ұстау туралы ішкі ережеде жазылмағанын айтты. Сөйте тұра олар бір қатарда жүреді, және өзгелер "ерекшелігі" барларды қыспаққа алады дегенді айтты.

Оқиға педофильдер отырған камерада болған. А және Л есімді азаматтар зорлық үшін жазасын өтеп жүрген. Олар отырған камераға Ж есімді азамат Қарағандыдан арнайы психологиялық-психиатриялық сараптамадан өту үшін келген. Ол сотта өзінің транссексуал екенін айтып, жеке камерада, өзін өзгелерге қоспауды сұраған. бірақ ешкім оның бұл өтінішіне көңіл бөлмепті. 

Ол камераластары өзінен ақша бопсалап, зорлағанын айтады. Сол себепті осындай ауыр қылмысқа барыпты. 5 сәуір күні Ж Л-дың кеңірдегін кесіп өлтірген. Түрме қызметкерлері оны дәрігерге көрсетіп жүргенде  Ж А-ны тұншықтырып өлтірген. Ол осы іс бойынша сотта өз әрекетіне еш өкінбейтінін айтты.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар